Бұл билік жасырғыш, өтірікші болғасын жалған ақпараттар тарап жатыр

Вирус кезінде небір жалған ақпарт тарады. Небір кеңестерді естідік осыған дейін.

Елімізде ковидтен де тез таралып, қауіптілігінен бір сәт кем түспейтін тағы бір індеттің барын біліп пе едіңіз? Ғалымдар оны "инфадемия" деп атап кеткен. Ауа арқылы жұқпайды, бірақ жалған ақпаратпен санаңызды улайды. Иә, қазір әсіресе уатсап арқылы небір фейк жаңалықтар өріп жүр. Бірі вирустан иттің еті, өзгесі құйрықтың майы көмектеседі дейді. Жалған ақпараттың көптігі сонша, халық тіпті ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратудан қалған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Уатсапты ашсаң да, инстаграмды қарасаң да, фейсбукты оқысаң да, бір әңгіме -коронавирус! Міне 4 айдан бері осы картина. Алайда ресми ақпараттар бір бөлек, әлеуметтік желідегі жаңалықтар мүлдем басқа әлем. Соған сенсек, билік тікұшақпен вирус шашып жүр.

"Я с самого утра на улице. На стройке. Вон полетела вертушка".


Адамдарға ауруды жұқтыру үшін маскаларды әдейі вируспен улап таратуда.

"Аптекадан маска алмаңдар. Түркістанға көмекпен маска келген ішінде бәрінде вирус бар. Так что жинап жатыр дейді аптекалардың бәріне масканы".


Осындай сарындағы жаңалықтар желіде желдей есіп жүр. Әсіресе пандемия кезінде фейк ақпараттар бірнеше есеге артып, ресми деректен де көп тарады. Неге?

Нәзия Жоямерген, Түркітілдес журналистер қорының президенті:

"Жалған ақпарат пайда болмауы үшін Қазақстан билігі ау бастан ашық және айқын жұмыс істеуі керек еді. Коронавируспен күресте қандай жағдайлар атқарылып жатыр, қанша адам жұқтырды, олардың алдын алу қалай болады. Осының бәрі де ашық айтылған кезде коронавирусты жұқтырмау үшін не істеу керек дегенді кеңінен таратқан кезде жалған ақпарат болмас еді".


Сонда жауапты министрлік қайда қарап отыр?

Бибігүл Жексенбай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі:

"Ресми ақпарат әрине беріліп жатыр. Бірақ бұл топан су сияқты ғой. Жалған ақпараттың тез таралуы, жылдамдығы ресми ақпаратқа қарағанда әлдеқайда жоғары. Бірақ жасыратыны жоқ, кез-келген адам жасырын ақпаратқа елең ете түсе қалатыны рас. Мысалы біреудің жақсылығынан гөрі, жамандығын көру тырысамыз".


Иә, вирус кезінде небір жалған ақпарт тарады. Небір кеңестерді естідік осыған дейін. Содамен ингаляция жаса, спиртті марлямен демал деді. Кейін иттің еті де көмектеседі деген ақпарат шықты. Енді желідегі сарапшылар құйрық майдан артық ем жоқ, дейді. Жұрт жаппай сатып алып жатыр.

Самал Мадиярбек, иммунолог:

"Құйрықтың майын инфекционды ауру кезінде жағуға болмайды. Себебі, иммунитет жеңген вирустар олар токсин болып саналады. Олар бізде тер арқылы шығу керек. Ал құйрықтың майын ерітіп жағу арқылы, ол жолдарды біттеп тастайды. Сол үшін интоксикация ұзақ болуы мүмкін".


Айтпақшы, имбирь, лимон да пайдалы деді. Кейін бағасы удай боп, сөрелерде бұл тауарлар таусылған соң, орамжапырақты көбірек жеу керек деді. Алайда ол да қымбаттамай тұрғанда, айтайық. Бұл да фейк кеңес! Иммунологтар бұған сенбеуге шақырады. Жалпы коронавирусты 80 пайыз жағдайда иммуниттің өзі женеді. Ал оны қалай көтереміз?

Самал Мадиярбек, иммунолог:

"Тамақ ол әр түрлі болу керек. күнделікті бір тамақты жей бермеу керек,. мысалы күнде қамыр жей бермеу керек. Одан кейін қозғалыс керек. Себебі адам қозғалған кезде лимфа айнала бастайды. Ал лимфа деген ол иммунитет. Одан соң суды дұрыс қолдану керек".


Ал жалған ақпараттарды таратқандай сіздің саулығыңызды ойламайды, оларға бар болғаны хайп керек дейді білетіндер. Айтпақшы хайп демекші.

Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

"Кому нужна информация, мы готовы это предоставить, и не стоит сейчас из-за этого создовать ажиотаж. К сожалению, в социальных сетях есть еще люди которые хайпуют из-за этого".


Желіде дәрі жоқ деген ақпар жалған, ал былай деп ақпарат тарататындар хайп жинап жүр деген Алматы қаласы әкімінің орынбасары бұл. Шындықты жалған деп, тақырыпты былай жапқысы келді ме, кім білсін, бірақ ойлағаны жүзеге аспады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: