КВИ жұқтырған 306 науқастың жағдайы ауыр, оның 67-сі аппаратқа қосылған

khabar.kz
41 науқастың халі, тіпті мүшкіл.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 306 науқас анестезиология және қарқынды терапия бөлімдерінде ем алуда.

- 265 науқастың жағдайы ауыр, 41 науқастың жағдайы өте ауыр. Коронавирусқа шалдыққан 67 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес механикалық желдету апппаратын 133 науқасқа қатысты қолданылуда, ал 106 адам оттегі терапиясын алып жатыр, 9 265 адам өздігінен дем ала алады, - деді Тимур Сұлтанғазиев Орталық Комммуникация қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Қазақстанда бір аптаның ішінде КВИ бойынша 11 мыңнан астам науқас тіркелгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді