Коронавирусқа арналған ПЦР-тестті кімдер тегін тапсыра алады - қор жауабы

Гордон
Оған 5 түрлі категориядағы адамдар жатады.

Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай тобына медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі есебінен ПТР тестілеуді тегін өткізуге мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

1. Жұқпалы аурулар ауруханаларында жатқан науқастар. Диагнозды растау және емдеу алгоритмін қолдану үшін оларды шұғыл тексеру қажет.

2. Уақытша ауруханаларда жатқан COVID-ке күдік келтірілген науқастар. Олардың белгілі бір белгілері бар және дәл диагноз қою керек болады.

3. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар және пневмония белгілері бар азаматтар, егер жергілікті дәрігер қарағаннан кейін жолдама беріп жатса. Оларды тексеру үшін Қор емханалармен, отбасылық дәрігерлік амбулаториялармен және олар өз кезегінде зертханалармен келісімшартқа отырған.

4. Карантин үшін арнайы оқшаулауға жіберілген симптомы жоқ вирусты тасымалдаушылар.

5. Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылмақ науқас та ПТР сынағынан тегін өте алады, мәселен, оның ішінде жүкті әйелдер, жедел госпитализацияны қажет ететін науқастар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты