"Сауат ашу" жоқ. Бірінші сынып оқушылары "Әліппе" мен "Ана тілін" оқиды

edu news
"Әліппе" Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде әліппе мәселесі туралы жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі – келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқитын болады, - деп жазды министр.

Оның жауынша, бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында "Әліппенің" бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда "Ана тілі" пәнін оқиды.

Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда "Букварь" мен "Обучение грамоте" пәндері жүргізіледі. Айта кетейін, "Әліппе" Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады. Қазіргі кезде оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық. Оның құрамында мықты тіл мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен бұған дейін оқытылған "Әліппе" оқулықтарының авторлары бар. Орынбасарым Шолпан Каринова осы жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп те үлгерді. Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Кейін басқа мектептерге жіберілетін болады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда, делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты