Тауарларын Қытайға жеткізе алмай отырған отандық кәсіпкерлер Үкіметтен көмек сұрайды

Шығыс Қазақстандағы күнбағыс майын өндіруші вагондарға тиелген тонна-тонна тауарын межелі жерге жеткізе алмады. Ал стансада қозғалыссыз тұрған вагондар үшін операторға миллиондаған айыппұл төлеуі тиіс. Бұл бір ғана мысал.

Қазақстан-Қытай шекарасында қалың кептеліс. Бір айдан бері отандық кәсіпкерлер тауарларын көрші елге жеткізе алмай келеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Вагондарға тиелген ауыл шаруашылығы, тау-кен өнімдерін экспорттаушылар қиын жағдайын айтып, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Әзірге, қанша кәсіпкердің қандай шығынды арқалағаны нақтыланбады. Бірақ ұлттық палата өкілдері бірқатар құзіретті органдарға хат жолдап, түйткілді шешуге көмектесуді сұраған.

Отандық тауар өндірушілер шығынға белшеден батты. Бір ай бұрын Қытай тарапы Орталық Азия елдерінен өнімдерді қабылдай алмайтынын хабарлаған. Бірақ шектеу мерзімі мен себебі нақтыланбады. Салдарын кәсіпкерлер көріп отыр. Шығыс Қазақстандағы күнбағыс майын өндіруші вагондарға тиелген тонна-тонна тауарын межелі жерге жеткізе алмады. Ал стансада қозғалыссыз тұрған вагондар үшін операторға миллиондаған айыппұл төлеуі тиіс. Бұл бір ғана мысал. Не істерін білмей дал болған кәсіпкерлердің бірі ұлттық палатаға, енді бірі Үкіметке хат жазып, көмек сұрап отыр.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының логистика және жүк тасымалы департаментінің сарапшысы Дархан Мұратхановтың айтуынша, ауыл шаруалығы, тау-кен өнімдері шекара асуы тиіс еді. Әзірге форс-мажор жағдайда қалған өндірушілердің саны мен келтірілген шығынды дөп басу қиын.

Жалпы жыл басынан бері қытай-қазақ арасында 5,3 млн тонна тауар тасымалданды. Бұл былтырғыға қарағанда шамамен 1,5 млн тоннаға артық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: