Түркістан облысында "Дәріхана" мобильді қосымшасына 35 мың адам тіркелді

скриншот
Кез-келген азаматтың өзіне қажетті дәріні оңай табуға мүмкіндік туып отыр.

Түркістан облысында дәрі-дәрмек қажеттілігіне байланысты арнайы "Дәріхана" бағдарламасы іске қосылған болатын. Бүгінде мобильдік қосымшаны облыс тұрғындары тиімді пайдалана бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселен, қосымшаға 35 мыңға жуық азамат тіркеліп, өзіне қажетті дәрі-дәрмектерді оңай табуға мүмкіндік алған. Айталық, шілде айының 14-23 күндері аралығында қосымшадан тұрғындардың 187 311 рет дәрі-дәрмек іздегені белгілі болды. Сондай-ақ, қосымшада кейбір медициналық препараттарға сұраныс артып, халықтан мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жалпы облыс көлемінде бағдарламаға 7 дәріхана іздеу жүйесіне қосылса, 531 дәріхананың тізімдері мен мекен-жайлары енгізіліген.

Айта кетейік, бұдан былай түркістандықтар дәріхананың мекен-жайын, байланыс нөмірін және іздеген дәрісінің бары-жоғын қосымша арқылы біле алады. Қажетті дәрі-дәрмекке анкета толтыру арқылы сұраныс жасап, ал ондағы азамат жайлы мәлімет 48 сағатта жойылатын жүйе де қарастырылған. Осылайша кез-келген азаматтың өзіне қажетті дәріні оңай табуға мүмкіндік туып отыр.

Сондай-ақ, дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды жағдайлар орын алған болса да, "Шағымдану" бөлімі арқылы шағым жасауға мүмкіндігіңіз бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды