"Бек Эйрдің" ақшасын қайтармаған билеттері бойынша кезекті сот отырысы өтті

alimzhan.blogspot.com
Комитет 301 билет сатып алған 151 азаматтың мүддесін білдіреді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің "Бек Эйр" компаниясына талабы бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Бек Эйр" АҚ әуекомпаниясына екінші талабы бойынша бірінші сот отырысы өтті.

ТҚҚК талап-арыз талаптары "Бек Эйр" АҚ-на бірінші талап-арызға ұқсас. Бұл жүзеге асырылған рейстерге билеттер сатып алған жолаушыларға ақшалай қаражатты өтеу.

Үшінші тұлға ретінде процеске "Авиата" билеттерін сату жөніндегі агенттің өкілі қатысты. Бұдан басқа, ТҚҚК өтініші бойынша сот отырыстарына прокурор мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ өкілі қатысады.

Комитет 301 билет сатып алған 151 азаматтың мүддесін білдіреді. Талап-арыз сомасы 10,5 млн теңгені құрайды. ТҚҚК-не өтініштер күн сайын келіп түсуіне байланысты бұл сома ұлғаятын болады.

"Бек Эйр" АҚ Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағым бергенің қосымша хабарлаймыз, онда сот азаматтарға қаражатты өтеу туралы ТҚҚК-нің талап-арызын қанағаттандырған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі