Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесін дәстүрлі мерекелеудің биылғы жылғы тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Құрбан айт дәстүрлі мерекесін тойлау қарсаңында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Алматы қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирус инфекциясының таралуына ықпал ететін көпшілік шараларды өткізуге тыйым салу туралы" Қаулысына қол қойды.
Қаулыға сәйкес, Алматы қаласының аумағында Құрбан айтты мерекелеу күндері тыйым салынады:
1) жекеменшік формасына қарамастан, барлық ұйымдарда, сонымен бірге, жекеменшік үй-жайлар және медреселерде көпшілік шараларды өткізуге;
2) мал сойысын ұйымдастыруға және өткізуге, Алматы қаласының аумағында автокөліктермен әкелінген малдарды сатуға және жеке иеліктегі үй-жайларында мал сату ;
3) 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы қаласының Орталық мешітімен бекітілген онлайн режимде құрбан шалуды жүзеге асыратындардан басқа, мал сататын цехтар мен базарлардың жұмысы тоқтатылады;
Құрбан шалу тек онлайн режимде БАҚ арқылы рұқсат етілген.
Сонымен бірге, Алматы қаласының полицейлері ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен бірлесіп, 27.07.2020 ж бастап, 02.08.2020 ж аралығында Алматы қаласына кіреберістерде онлайн режимде құрбандық шалуға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына малдардың әкелінуін болдырмау және жолын кесу бойынша посттар ұйымдастырылады.
Сонымен бірге, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен 27.07.2020 ж- 02.08.2020 ж аралығында Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау күшейтіледі.
Ж.Бекшин аталған шаралардың коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қабылданғанын атап өтті. Себебі осы кезде адамдар көп жиналады, ал оның соңы жұқтыруға әкелуі мүмкін.