Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы өмірден озды

Facebook
Марқұм 56 жаста болған.

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбделдинов Кеңшілік Кеңесұлы дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы қалалық соты, соттар әкімшісі, жалпы басшылық пен судьялар, сондай-ақ Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Ол кісі біздің мәңгі жадымызда", - делінген сот хабарламасында.

Кеңшілік Әбделдинов 1963 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.

Ол еңбек жолын 1992 жылы бастады. Әділет органдарында жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдан бастап Алматы облыстық сотының судьясы.

2013 жылдан бастап Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты