Неге тегін жағажайлар жабық, ал ақылы жағажайлар ашық - ресми өкіл жауабы

almaty.tv
Кісі көп баратын жабайы қоғамдық жағажайларда санитарлық нормалар сақталмайды, өйткені бақылау жоқ, сондықтан бұл шектеулер енгізілді.

Маңғыстауда тек ақылы жағажайлар жұмыс істейді, өйткені қоғамдық жағажайларда санитарлық нормалар сақталмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР МҚК Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мәселе дұрыс ұйымдастырылған демалыс орнында. Кісі көп баратын жабайы қоғамдық жағажайларда санитарлық нормалар сақталмайды, өйткені бақылау жоқ, сондықтан бұл шектеулер енгізілді. Ал курорттық аймақтың аумағында орналасқан жағажайларға келетін болсақ, атап айтқанда, туристерді орналастыру объектілеріне келетін болсақ, бұл жағдайда аталған нысандардың менеджерлері белгіленген алгоритмдерге сәйкес барлық сақтық шараларын ұсынады. Бұл - әлеуметтік қашықтық, кезекпен демалу, кезекпен аймақтарға кіру, сонымен қатар күнқағарлар қашықтықты сақтай отырып, белгілі бір дәрежеде орналастыру, - деді ол.

Оның айтуынша, қоғамдық жағажайларда мұндай нормаларды сақтау және бақылау қиын. Неліктен бұл жұмысты әкімдік пен қоғамдық жағажайларға жауапты қызметтер атқара алмайтыны белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады