"Маска тақ!" дейтін әйелдің Қазақстанға түк қатысы жоқ болып шықты. Әкімдіктің түсініктемесі

freepick.com
Әлеуметтік жарнаманы орналастыруға Алматы бюджетінен бір де бір тиын жұмсалмады - әкімдік.

Алматы қаласы әкімдігі Қала құрылысы және урбанистика басқармасы Қазақстанның қалалары көшесінде ілініп тұрған үлкен баннерлерде бейнеленген әйелдің кім екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Facebook қолданушысы Kirr Lavroff қалада орналастырылған баннерлердегі бетперде киген қыздың фотосы freepick.com деген дүниежүзілік тегін фотосуреттер қорынан алынғанын анықтады. Бұдан соң желідегі көпшілік егер фотосуреттің өзі тегін болса, бұл баннерлерді орналастыруға әкімдік қанша ақша жұмсады деп мәселе көтеріп, ойлана бастады.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бұл жарнаманы орналастыруға Алматы бюджетінен бір де бір тиын жұмсамады, деп хабарлайды StopCov/ ALMATY телеграмм арнасында.

- Қалада баннерлер тегін орналтылады. Карантинге байланысты жарнамаға сұраныс азайды және конструкциялардың көп бөлігі бос, міне солардың орнын әлеуметтік жарнамамен толтыруға болады. Ал баннердегі "жұмбақ әйелге" келетінін болсақ, оны лицензияның келісімінсіз пайдалану мақсатында құрылған фотосуреттер қорынан алдық. Мәселе - Қазақстанда мұндай қызмет жоқ, сондықтан оны басқа жақтан алдық, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды