Қазақстан билігі ОПЕК+ міндеттемелерін 101%-ға орындап жіберді

Shutterstock
Сосын келісім міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдады.

Сәуір айында Қазақстан ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілде айларында мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныс пен ұсыныс теңгерімін және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймаларда мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін Энергетика министрлігі орта, ірі және алып кен орындарында өндірісті шектеу туралы шешім қабылдаған болатын. Кен орындарының барлық түрлері үшін мұнай өндіруді қысқарту бойынша міндеттемелерді әділ бөлу көзделді.

Қазақстан өз міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Келісімге сәйкес Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,319 млн баррельді құрайтын. Алдын ала мәліметтер бойынша, шілде айында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,313 млн баррель немесе міндеттемелердің 101%-ын құрады. Республика Келісімнің міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдады.

Мәмілеге қатысу арқасында нарықтың барлық қатысушылары мұнай өндірудің бақыланатын және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді, бұл өз кезегінде әлемдік мұнай саласына оң әсер етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі