Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

ҚР СІМ
Министр У. Шмидке ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесуде Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін У. Шмидке ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшіге жоғары деңгейдегі байланыстарды қарқындату мен екі ел арасындағы сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған белсенді қызметі үшін алғыс айтты, делінеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Өз кезегінде Елші саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі