Президент жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды

Ақорда
Сондай-ақ Абайдың "толық адам" ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс - Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Абай – рухани реформатор" атты мақаласында елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жүйелеп, елордамыздағы Абай академиясының төңірегіне топтастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

"Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде "Абайтану" курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың "толық адам" ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керектігін де баса айтты.

"Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!", - деген Мемлекет басшысы қазақ халқын Ұлы ақынның торқалы тойымен құттықтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев