Шетелде оқитын студенттердің отандық ЖОО-ларға ауысуына көмек көрсетіледі

habrastorage.org
Бұл ретте құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі.

ҚР БҒМ шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын.

Бұл ретте құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында министрлікте жедел желі (74-16-24) іске қосылды, көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды