"Балалардың төсегін көптеп әкеліп жатыр". Оралдықтарды тағы бір хабарлама дүрліктірді

lada.kz
"Орал қаласында түнде ауаға газ шашатын болады" деген ақпарат тарауда.

Орал тұрғындарына терезелерін жауып, балаларын сыртқа шығармауды сұраған хабарлама келіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, бірнеше күн бойы WhatsApp мессенджері арқылы "Орал қаласында түнде ауаға газ шашатын болады" деген ақпарат тараған. Ол үш күнге созылып, одан балалар ең көп зардап шегетін көрінеді.

"Бүгін түнде ауаға бір газ шашады. Сондықтан ұйықтар алдында барлық терезе, желдеткіштерді жауып, ал ертеңінде күндіз балаларды көшеге шығармауларыңызды сұраймын! Үш күн бойына. Балаларға арналған төсек-орын қалалық ауруханаларға жаппай әкелініп жатыр. Балалар қазірдің өзінде ауыра бастады. Балалардың ауру болатынын олар алдын ала қайдан біледі? Балалардың тамызда жаппай ауырып, өлетінін олар қайдан біледі? Менің ойымша, бұл жайында ескерту жасау, бекер болмайды", - делінген хабарламада.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ауруханаларға ешқандай төсек-орын әкелінбегендігін айтты.

Тақырыпқа орай: Денсаулық сақтау министрлігі желіде жүрген бірнеше сыбыс-хабарламаны жоққа шығарды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді