Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде жариялаған жолдауындағы тапсырмалар бойынша баяндама жасады. Премьер-министр Асқар Маминге ағымдағы жылы және алдағы уақытта атқарылатын жоспарларын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Коронавирустық инфекцияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынын айтты. Наурыз бен шілде айы аралығында жалпы сомасы 59,6 миллиард теңгеге үстемақы төленген болатын. Енді тағы да қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Тиісті есептеулер Қаржы министрлігіне енгізілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылдан бастап 2023 жылға дейін дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жалақысын экономикадағы орташа еңбекақыдан екі есеге арттыруды тапсырғаны мәлім. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туалы заңда аталған шығындар қарастырылған. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру шығындары: 2021 жылы-222,3 млрд теңге, 2022 жылы – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы – 557,5 млрд теңге.
Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инновациялық даму министрлігіне отандық фармацевтика және медициналық өнеркәсіпті дамыту бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес негізделген кешенді ұсыныс енгізеді. Халықтың сұранысына сәйкес өзінің тиімділігін көрсеткен дәрі-дәрмектерге басымдылық беріледі.
13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Қазіргі уақытта аймақ әкімдіктері 12 модульді инфекциялық аурухананың құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Тағы бір ауруханаға кешенді жаңғырту жасалуда және алдағы қазан айында қолданысқа беріледі. Вирустың екінші толқынына дайындық жан-жақты жүргізілуде. Қосымша 2700 инфекциялық төсек-орын дайындалуда.
2025 жылға қарай мемлекеттік жекеменшік әріптестік есебінен су жаңа 20 медициналық орталық құрылады. Яғни, жоғары технологиямен жабдықталған көпбейінді медмекемелер пайда болады. Шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.
2021 жылдың соңына қарай Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әрқайсысында 500 төсек-орын бар көпбейінді ғылыми-зерттеу орталықтары салынады. Бұл эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің алдын алуға мол мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғашқы медициналық көмектің қызметі қайта қаралады. Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыру бойынша 2021-2023 жылдарға дейінгі кешенді жоспар әзірлейді. Атап айтқанда, елді-мекендердегі фельдшерлік-акушерлік, дәрігерлік амбулаториялық пунктердің материалдық-техникалық жағдайына айрықша мән беріледі.
Шалғайдағы елді-мекендер үшін көліктік медицина механизімі дамиды. Осы мақсатта жылжымалы жұмыс істейтін 100 медициналық кешен сатып алынады. Осылайша, аудандық ауруханалардың қажеттілігі 100 пайызға қамтылады.
2020 жылы "БРК-Лизинг" АҚ арқылы жедел-жәрдем қызметтерін 1167 бірлік отандық санитарлық автокөліктермен қамту жоспарланған. Бұл ретте ауылдық жердегі медицинаға айрықша назар аударылады.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар тапшылығын реттеудің 10 жылға арналған жоспары әзірленеді. Эпидемиологов, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сынды мамандықтарға басымдық беріледі.
Сондай-ақ, ведомства басшысы баяндаманы қорытындылай келе алдағы жылы "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 2021 жылы ЭКО-ға бөлінетін квота көлемі 7 есеге дейін көбейетіндігін және аталған бағыттағы жұмыстардың сапалы орындалу барысы қырағы қадағалатынын атап өтті.