Тоқаев Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды

Ақорда
Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды.

Президент Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды.

Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батыс өңірді толықтай азық-түлікпен қамтамсыз ету мүмкіндігін пайдалана отырып, мал азығын дайындауды арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделген. Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады