Қырғызстанда тау көшкен Кара-Кечеде айналып өтетін жол салынуда

видеодан кадр
Әзірге адам өміріне зиян келгені туралы мәлімет жоқ.

Кара-Кечеде тау көшіп, көшкін басып қалған жерді айналып өтетін жаңа тас жол салына бастады.

Бұл туралы 16 қыркүйекте Көлік және жолдар министрлігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға болған жерге арнайы комиссия барып, жолды көшкіннен тазалау мүмкін емес екенін анықтаған және айналма жол салу керек деген шешімге келген.

Министрліктің баспасөз қызметінің өкілі Бегайым Қанатқызының айтуынша, жол құрылысы сәрсенбіде басталады.

Жолдың бір жолағын салуға 10-12 күн кетеді.

14 қыркүйекте Нарын облысына қарасты Жумгал ауданында тау көшкен. Дыйкан ауылын Кара-Кече көмір кенімен байланыстырып тұрған жол көшкін салдарынан жабылып қалған.

Әзірге адам өміріне зиян келгені туралы мәлімет жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды