Карантинге қайта жабылсақ, жұмыссыздарға берілетін төлемнің мөлшері өсуі мүмкін

zakon.kz
Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті.

Карантин кезеңінде жұмыссыз жатқандар үшін жұмысынан айрылылған кезеңіне төленетін төлемнің мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Осыған байланысты біз жедел шаралар қабылдауға дайын болуымыз керек. Инфрақұрылымдық жобалардың есебінен жұмыс орындарын сақтау және жаңасын құру, жұмыспен қамтудың жол картасын жалғастырып, "Еңбек" бағдарламасы бойынша субсидияланған жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Қысқартылған жұмыс режиміне көшу кезінде жалақының бір бөлігін ең төменгі жалақы деңгейінде өтелуі немесе субсидиялануы мүмкін. Карантин кезеңіндегі жұмыссыздар үшін жұмысынан айрылған кезеңге төленетін төлем мөлшерін көбейту бойынша ұсыныстарды жоспарға енгізу жайы қарастырылып жатыр, - деді Нұрымбетов.

Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды