Еліміздегі медициналық қызметтер жарнамасының ережелері бекітілді

Медициналық қызметтерді (көмек) жарнамалау кезінде, жарнама беруші арқылы лицензияның нөмірі және лицензия берген органның атауы көрсетіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығымен медициналық қызметтерді (көмек) жарнамалау ережелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, медициналық қызметтердің жарнамасы медициналық қызметтің жарнамалауға арналған мемлекеттік лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарындағы электрондық ақпараттық ресурстар, мамандандырылған медициналық басылымдар, ақпараттық орталықтар, ғылыми конференциялар, симпозиумдар, медициналық білімі бар мамандарға арналған көрмелер, белгілі бір шаралар арқылы жарнамалана алады.

Республика аумағында жарнама (мерзімді басылымдар, интернет-ресурстар, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа тілдерде оның мазмұнын бір тілден екінші тілге аудару кезінде негізгі мағынасын бұрмаламай жүзеге асырғанда рұқсат.

Медициналық қызметтерді (көмек) жарнамалау кезінде, жарнама беруші арқылы лицензияның нөмірі және лицензия берген органның атауы көрсетіледі.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: