Қырғыз еліне Садыр Жапаровты президент етіп тағайындау ұсынылды

24.kg
Қырғыз халқы сайлауды бұрмаламақ болған биліктің аяғын аспаннан келтірді.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында митинг әлі жалғасып қатыр. Жиналған халықтың алдында экс-депутат Садыр Жапаров сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz қырғыздың 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Садыр Жапаровты халық зор ықыласпен қабыл алды. Жапаров елдің болашағын қалай көретінін айтып, парламент бір палаталы болады деді.

Одан кейін мінберден Садыр Жапаровты президент етіп тағайындау туралы ұсыныстар айтылды.

Айта кетсек, бүгін Бішкектегі ереуілшілер Ақ үй мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратына басып кіріп, қамауда отырған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты, экс-депутат Садыр Жапаровты және басқа да саяси тұтқындарды босатып алды.

Ал бас прокурор міндетін уақытша атқарушы болғанын жеткізген бұрынғы депутат Алмамбет Шыкмаматов Райымбек Матраимов, Искендер Матраимов және Тилек Матраимовтарды қамауға алу туралы санкция берілгенін хабарлады. Сонымен қатар, Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауын бұрмалауға қатысы бар барлық тұлғалар қамауға алынады, деді ол.

Алғашқы кадрлық тағайындаулар бойынша: ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысы міндетін атқарушы Омурбек Суваналиев, Бішкек коменданты – Курсан Асанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды