Педагогикалық білімнің жаңа үлгісі

pexels.com
Қоғамымызда мұғалімдік оқуға түсу басқа мамандықтарға түсуден гөрі "жеңілірек" көрініп, нәтижесінде ұстаздың мәртебесін түсіріп алғанымыз жасырын емес.

"Ұстаз" дегенде бірден сүйікті мұғаліміміз ойға оралады, ал тарих тұрғысынан алсақ Арситотель, Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин, К.Ушинский, А.Байтұрсынұлы немесе А.Макаренко еске келеді. Негізінде, қазақстандық қоғам өкілі үшін осындай ассоциация болуы орынды.

"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" деген Абайдың ғибратты сөзі тарихта мәңгі қалмақ. Өйткені адам үшін өз білгенін өзгеге үйрету – борыш (призвание).

Адамның мамандық таңдауы бала кезіндегі "мен мұғалім боламын", "мен дәрігер", "ал мен инженер боламын" деген сөздерінен басталады емес пе?! Мұғалім болар бала көпшіл, тіл табысқыш, ең бастысы – білімге ұмтылып, біреуге үйретуге құштар тұрады.

Қоғамымызда мұғалімдік оқуға түсу басқа мамандықтарға түсуден гөрі "жеңілірек" көрініп, нәтижесінде ұстаздың мәртебесін түсіріп алғанымыз жасырын емес.

Осы орайда "Орта білімді жаңғырту жобасы" аясында тәжірибелі халықаралық сарапшылардың көмегімен педагогикалық білімнің жаңа моделін қалыптастырып, білім бағдарламаларын заман талабына сай қайта қарау көзделген.

Мұғалімдік мамандар даярлайтын университеттердің материалдық базасына келер болсақ, жоба шеңберінде 2019 жылы 16 өңірлік университет робот техникасына арналған лабороториялармен жабдықталды.

Осылайша алдағы 3 жылдың аясында кеңестік заманнан бері концептуалдық тұрғыда көп өзгере қоймаған педагогикалық білім жүйесі қайта қаралып, неғұрлым оңтайлы әрі тиімді модельге көшірілетін болады. Ол үшін халықаралық сарапшылармен қатар отандық педагог-ғалымдардың да атсалысуы қажет.

Жайық СҰЛТАН, Орта білімді жаңғырту жобасының кеңесшісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды