Бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық азық-түлік хабының басты инфрақұрылымы - тауарларды таратудың жаңа жүйесінің үш түрлі функциясын атады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлттық тауар өткізу жүйесі фермерлер, олардың өнімін көтерме сатып алушылар, тасымалдаушылар, сатушылар мен тұтынушылар кластерлерін біріктіру үшін зәкірлік инфрақұрылым ретінде жұмыс істейді. Ұсынылып отырған жүйенің өзегі үш түрдегі көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай желісі болады. Бірінші. Сақтау көтерме-тарату орталықтары – бұл тағам өндіру аймақтарында фермерлердің өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу яғни жуу, калибрлеу, буып-түю сияқты жұмыстар бойынша оларды кейіннен өткізу үшін қызметтерді көрсетеді. Екінші. Сауда көтерме-тарату орталықтары облыс орталықтары мен ірі қалалардың маңында орналасатын болады.
"Олардың функциялары – өнімді өткізу кезеңінде уақытша сақтау, өңдеу және басқа да ілеспе қызметтерді іске асыру үшін фермерлерге, көтерме трейдерлерге және дистрибьюторлерге, сондай-ақ сауда желілері, дүкендер мен базарлар, қоғамдық тамақтандыру орындары сияқты сатып алушыларға өнімді өткізу үшін сауда инфрақұрылымына еркін қолжетімділікті ұсыну", — деді Сұлтанов.
Үшінші. Тарату орталықтары қалалар шегінде немесе қала маңында орналасады. Олардың мақсаты – сауда объектілерінің, олардың ішінде супермаркеттер мен дүкендер, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қажеттіліктері үшін отандық тауар өндірушілердің өнімдері мен импорттық тауарлардың көтерме партияларын уақытша сақтау және қайта тиеу бойынша логистикалық қызметтерді көрсету. Осылайша, Ұлттық тауар өткізу жүйесі өндірушілер үшін "алқаптан" "сөреге" дейін өткізу нарықтарына, ал тұтынушылар үшін сапалы өніммен еркін қамтамасыз етеді.
"Көтерме-тарату орталықтарының осындай үш түрлі объектісі өнімді сақтау және қайта тарату бойынша қызметтердің толық кешенін көрсететін болады. Көтерме-тарату орталығының әр түрінің қуаты мен көлемі сауда саласы мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне қарай анықталады", — деді сауда министрі.