Өскемен қаласының тұрғыны полицияға балаларын алып, мемлекет қамқорлығына беру туралы өтініш жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қала тұрғыны өзінің және күйеуінің төрт баланы асырауға шамасы келмейтінін айтқан, деп жазады YK-news.kz.
⠀
Қалалық ПД баспасөз қызметі Өскемен қаласының тұрғыны Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне біртүрлі өтінішпен жүгінгенін хабарлады: ол балаларын балалар үйіне тіркеуге көмектесуді сұраған. ⠀
- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жергілікті инспектор бұл жайтқа байланысты көпбалалы ананың үйінде болды. Үйде отырған кәмелетке толмаған төрт баланың анасы (5, 7, 9 жаста және бір жасар сәби) полиция қызметкерлеріне өз балаларын балалар үйіне тіркеуге көмектесу үшін өтініш жазған болып шықты. Әйел мұндай шешім қабылдауға балаларын асырай алмайтындығымен түсіндірген, - дейді полиция. ⠀
Әйедің тұрақты табысы бар күйеуімен бірге тұрады. Биыл отбасы үш бөлмелі үйін салып бітіріп жатыр.
- Балалардың анасының жүйкесі тозғанын, ал кішкентай балалардың қиын жағдайға екендігіне көз жеткізгеннен кейін, инспектор қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен рұқсат алып, түнде үш баланы Жаңа Бұқтырма ауылындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізді. Өскемендегі кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында оларға орын болмады. Кіші баланы облыс орталығындағы сәбилер үйіне орналастырды, деп хабарлады полициядағылар.
Келесі күні туыстарының өтініші бойынша балалар отбасына өз үйіне қайтарылды. Бірақ полиция қызметкерлері ерлі-зайыптыларды Өскемен қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тіркеп қойды.
⠀
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар балаларды ұстау жағдайлары мен олардың денсаулығын үнемі тексеріп отыру үшін осы отбасыны ішкі істер органдарына тіркеу үшін комиссияға жүгінеді.