Балық жеген тоқ болар. Ауылшаруашылық саласында жүрген мамандар да, кәсіпкерлер де қазір мал ұстағаннан гөрі балық асыраған әлдеқайда тиімді дейді. Ел ішіндегі сұранысы еттен кем түспейтін желбезектіні көбейтудің шығыны да шамалы. Кез-келген өзен арнасының маңынан шаруашылық ашып, кәсіп қыла беруге болады. Гектар-гектар жайылымның да, жаз жайлау мен қыс қыстаудың да керегі жоқ. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр адам жылына 16 келі балық етін жегені жөн дейді, бізде бұл бұл көрсеткіш 4 келіге әрең жетеді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Балық шаруашылығымен айналысқан, мал шаруашылығымен айналысқаннан әлдеқайда тиімді. Сіздің көз алдыңызда 30 тонна балықтың еті жүр. Сізге 30 тонна ет алу үшін қаншама жер керек, қаншама затрата керек".
Мамандар балық өсірудің пайдасы орасан екенін айтады. Уылдырықтан шашылғанннан кейін балықтар 6-7 ай ішінде сатуға жарамды күйге жететенін айтады. Тек оны өсірудің жолын білсе болғаны. Бірақ, балаша мәпелемесең жемісін беруі де екітайлай екен. Сондықтан салмағына қарай қорегін дұрыс беріп отыру керек. Алматы облысында көбіне форель мен бекіре тұқымдас балық өсірге пайдалы көрінеді. Шаруашылық жылына 250 тонна форель мен 50 тонна бекіре өндіреді. Ол Алматының сұранысынан артылмайды екен.
Мәрлен Тұрсынәлі, балық шаруашылығының директоры:
"Көз алдыңыздағы форель балығы жеті айда 300 грамға шығады. 300 грам товарлық балық. Сіз қандай балықпен айналысасыз соған байланысты да. Мысалы, осетр балығы тоже бір жыл. Мысалы сазан балығы екі жылға дейін кетіп қалуы мүмкін. Алматы облысында тау өңірінде форель балығын өсірген тиімді. Өйткен оған среда тау өңіріне сәйкес келеді. Шымкент өңірін алатын болсақ, ол жақта сазан балығын өсірген тиімді. Амур, толстолобик тиімді болып келеді".
Қазір Қапшағай, Балқаш көлдеріндегі балық қоры азайып бара жатқандықтан мемлекет балық шаруашылықтарын дамытуға күш салуда. Алайда кедергілер де жоқ емес. Балықтың уаылдырығымен азығын шет елден тасиды. Карантин кезінде сырттан қорек жеткізу мүлде қиынға соғыпты.
Егер мына ауға "алтын балық" түсетін болса, отандық балық өсірушілердің негізгі үш арманы бар. Оның бірі - саланы тиісті мамандармен қамту, мемлекеттік қолдау және үшіншісі - балықтың азығын шетелден тасымай, отандық өндірушілерден сатып алу. Әрине, "алтын балық" тек ертегіде ғана болатындықтан бұл сала қыруар еңбекті талап етеді".
Балық шаруашылықтары кадр тапшылығын тартып келеді. Кей мамандарды шетелден тартуға мәжбүр екен. Әділбек балық шаруашылығы мамандығында оқиды. Тәжірибеден өткеннен кейін балыққа деген ынтасы оянған. Сондықтан осында жұмысқа орналасқан. Қазір шәкіртақысымен бірге еңбекақысын да алып отыр. Сабақтан тыс уақытында балықтарды тамақтандырып, теория жүзінде алған білімін тіжірибемен ұштастыруда.
Әділбек Абай, балық шаруашылығының қызметкері:
"Карантин кезінде практикадан болып жатқан болатын. Сол уақытта онлайн практикадан өтіп, осында жұмысқа тұруды ұйғардым. Содан бастап жұмыс барысын түсініп, балыққа қорегін беріп жұмыс істеп жатырмын".
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр адамға жылына кем дегенде 16 келі балық етін тұтынуға кеңес береді. Алайда бұл көрсеткіш елімізде 4 келіге әзер жетеді екен. Мамандар йодқа бай балық өнімдерін тұтыну көп аурудың алды алуға сеп болатынын айтады.