IQ онлайн-лагерінің жеңімпаздары бағалы сыйлармен марапатталды

Сарапшылар екі облыстан қатысқан ең үздік 51 оқушыны таңдап алды, олардың 27 Ақмола және 24 Шығыс-Қазақстан облысынан.

"Қазақстан еріктілерінің альянсы" ЗТБ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстарында "Birgemiz: Bilim" ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 7 шілде мен 17 тамыз аралығында ауыл оқушыларына арнап IQ онлайн лагерінің екі маусымын ұйымдастырды.

Лагерьге қатысу үшін жасақтар құрылып, оған конкурстық негізде жұмыс істеуге арнайы тәлімгерлер қызмет етті. Әр жасақты 10-20 оқушы қатысып, екі маусымда олардың жалпы саны 400 жетті.

Лагерь аясында оқушылар тек ҰБТ мен олимпиадаларға дайындықпен шектеліп қоймай, олар математика және ағылшын тілі бойынша олимпиадаларға, Т. Айбергеновтың өлеңдерін оқитын "Жыр жауһары" сайысына қатысты. Сонымен қатар, QazaqGeography қауымдастығымен бірге ұйымдастырылған интеллектуалды викториналарға қатысты.

Сарапшылар екі облыстан қатысқан ең үздік 51 оқушыны таңдап алды, олардың 27 Ақмола және 24 Шығыс-Қазақстан облысынан.

5-17 қазан аралығында лагерь ұйымдастырушылары 13 аудандағы жеңімпаздарды ноутбук, планшет жіне робототехникамен марапаттау шараларын ұйымдастырды. Әр облыста абсолютті жеңімпаздар да анықталды, олар: Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Әділбек Айкүміс және Верх-Уба орта мектебінің оқушысы Коробейников Глеб.

Іс-шараларға аудан әкімдерінің орынбасарлары, мектеп директорлары, тәлімгерлер, жеңімпаздар мен олардың ата-аналары қатысты.

Сіздерге осындай аса маңызды жоба мен берген мүмкіндіктеріңіз үшін алғыс айтамын!Әрине, әлемдегі пандемия үшін жазғы демалыс кезінде балаларға үйде отыру оңайлық танытқан жоқ. Сол кезде онлайн-лагерь туралы ақпарат алып, қатыстық.Глеб өз бетімен www.birgemizbilim.kz сайтындағы онлайн-сабақтармен танысып, үй жұмысын жасады. Осылайша ол жеңімпаз атанып, ноутбукке ие болды, - Коробейникова Анна, абсолютті жеңімпаз Глеб Коробейниковтың анасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: