СҚО-да эпидемиялық ахуал нашарлап барады

Бүгіндері бұл өңірдегі 7 аудандағы 10 елді-мекен карантинге жабық.

Солтүстік Қазақстан облысында уақыт өткен сайын эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Соңғы аптада өңірде індетті жұқтырғандар саны 7 процентке артқан. Қазір аймақта күніне ауру белгілері 10-нан астам адамнан анықталып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар-24-ке" сілтеме жасап.

Осыған байланысты мамандар қарапайым санитарлық ережелерді сақтау керектігін қатаң ескертеді. 7 аудандағы 10 елді-мекен карантинге жабық. Бұл жерлерде блокбекеттер қойылған. Мұнымен қоса шекарамен мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Бүгінгі күнге дейін 1058 әкімшілік хаттама толтырылып, заң бұзғандарға 60 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Десе де, әлі той-домалаққа тыйым болмай тұр.

Айнаш Сағандықова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі кезде осы коттедждерде және де үйлерде кішігірім тойлар өткізіліп жатыр. Сондықтан осы коронавирустық инфекцияның одан әрі таралмауы мақсатында барлық қазақстандықтарға осындай тойларды уақытша шектеу туралы ескертеміз. Егер қарапайым ережелерді сақтамағанда осы карантин талаптары одан әрі қатаңдатылуы мүмкін.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: