СҚО-да интернат оқушыларының жаппай коронавирус жұқтырғаны расталмады

gazeta.ru
Күні кеше ғана аудан әкімінің орынбасары 19 оқушының қауіпті індетті жұқтырып, аталған білім ордасы карантинге жабылғаны жайлы өзінің Facebook парақшасында жазды, сонымен қатар бұл ақпаратты ауданның Бас санитар дәрігері де растаған болатын.

Солтүстік Қазақстандағы "Мамлют санаторлық мектеп-интернатында" оқушылардың жаппай коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты жауаптылар түсініктеме жасады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Облыстық тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары камера алдында сұхбат бермей, БАҚ өкілдеріне ауызша ақпарат таратты.

Баспасөз хабарламада тек екі баланың ауырып қалғаны айтылған. Яғни 16 және 6 жастағы балаларды облыстық ауруханаға жатқызу үшін алынған ПТР-тестінің оң нәтиже көрсеткені жазылған.

Айта кетейік, күні кеше ғана аудан әкімінің орынбасары 19 оқушының қауіпті індетті жұқтырып, аталған білім ордасы карантинге жабылғаны жайлы өзінің Facebook парақшасында жазды, сонымен қатар бұл ақпаратты ауданның Бас санитар дәрігері де растаған болатын. Қазіргі уақытта науқастар мен байланыста болғандардың жағдайы қанағаттанарлық, ауырып қалған балалар стационарда емделуді жалғастыруда. Эпидемиологиялық тексеру кезінде 17 адамнан тұратын байланыста болған адамдар анықталды. Байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Індет ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты