АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Байден халыққа үндеу жасады

TVTEKA.net
Байден Пенсильванияда таза жеңіске жетіп, CNN бағалауы бойынша, 273 дауысқа ие болған, ал Трамптың жинаған дауысы - 213.

Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байден халық алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, ол 74 миллион дауысқа ие болған. Сайлау нәтижесі әлі ресми түрде жарияланған жоқ, деп хабарлайды ТАСС.

- Біздің халық өз таңдауын жасады. Олар айқын әрі сенімді жеңіс сыйлады, - деді Джо Байден.

Ол өзінің ешкімді "бөліп-жармайтын, керісінше бәрін бір жұдырыққа жұмылдыратын" президент болатынын айтты. Сондай-ақ ол әлемдегі АҚШ-қа деген құрметті қалпына келтіруді және нәсілшілдікті жою үшін барын салуды өз мақсаты ететінін жеткізді.

Дүйсенбіде ол пандемиямен күресу жоспарын жасау үшін сарапшылар тобын тағайындайды.

Байден сенбіде АҚШ президенті болып сайланғанын жариялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді