Қазақстанның Әзербайжанға қару-жарақ тасымалдағаны рас па? ҚР ИИДМ ресми мәлімдемесі

Istock
Сондай-ақ министрлік жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады.

ҚР Индустрия және инфақұрылымдарды дамыту министрлігі "Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізді" деп кейбір БАҚ таратқан мәліметті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

“Қазақстан еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы барлық міндеттемелерін сақтауды ұстанады және басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ. Мақалада айтылған мәліметтер шындыққа жанаспайды және оған еш негіз жоқ”, – дейді министрлік мәлімдемесін алға тартқан stopfake.kz/

Сондай-ақ министрлік жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Тек ресми дереккөздерді ғана басшылыққа алу керек.

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы 2-3 қарашада Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында Silk Way West Airlines әуе компаниясының ұшақтары ұшпаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі