ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев облыс тұрғындарына видеоүндеу жолдап, аймақтағы коронавирус инфекциясының жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.
7 қарашадан бастап облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 353 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 282-сі - симптомы барлар, 71-інің симптомы білінбейді.
Ол ауру өсімін талдау цифрларымен түсіндірді. Кейбір зертханалар екі күн ішінде жинақталған нәтижені өткізген. Облыс "қызыл аймақта" әлі де қала беруде.
8 қарашадағы жағдай бойынша бұл облыста КВИ ауруының 254 жаңа жағдайы тіркелді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, КВИ 11 қала мен облыс тұрғындарынан анықталды.
Атап айтқанда:
Өскемен қаласында - 88;
Риддерде - 62;
Семей қаласында - 50;
Курчатов қаласында - 10;
Глубоковский ауданында - 18.
Басқа аудандарда саусақпен санарлық жағдайлар тіркелді.
1 қазан мен 8 қараша аралығында мониторингтік топтар облыста 5 мың нысанды тексеріп, 1 794 рейд жүргізді. 695 айыппұл салынды.
1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан аумағында 13 санитарлық бекет құрылды. Олардың барлығы - 16.
7 қарашадан бастап Алтай аймағының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Серебрянск пен Жаңа Бұқтырмада санитарлық посттар құрылды.
8 қарашадан бастап Риддер қаласының шекарасында санитарлық бекет орнатылды. Қаладан кіруге және одан шығуға тыйым салынады.
Сөз соңында Талғат Қаһарұлы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан шектеу және өзін оқшаулау режимін сақтауды сұрады.