Желіде "сары зонаға" кірген - елорда дәрігері жазған жазба көпті селт еткізді

10-12 науқасқа - жалғыз дәрігер.

Елордалық дәрігер Ғабит Нұрханұлы коронавируспен қалай күресіп жатқандары туралы желіде жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, "сары зонаға" кірген Нұр-Сұлтандағы жұқпалы ауруханалардың жан сақтау бөліміндегі жүктеме қайта артқан. 10-12 науқасқа - жалғыз дәрігер

"Коронавирус басталғалы осы істің ыстық-суығына көніп, арасында жүрміз. Қазір коронавируспен ешкімді қорқыта алмайсың. Әлемде ауырғандар саны күнделікті 600 мыңнан асып , қайтыс болатындар саны 9000-нан ары кетті, бұл көктемгі көрсеткіштен 2 есе жоғары деген жаңалыққа ешкім селт етпейді. Астана "сары аймаққа" еңгелі ауырғандар саны көбейіп, ауруханадағы төсек-орындардың 50% астамы толды. Реанимацияда дәрігерлер саны аз, жүктеме қайта артты. 10-12 науқасқа - жалғыз дәрігер. Медбикелер 8 сағаттық жеке қорғаныс киімдері ішінде 10-14 сағаттан жүр. Сол себепті әлеуметтік желіден қол үзіп қалдық. Сенімен аттас дәрігер қайтыс болды деп естіп, амандығымды білген заңгер Ләззат әпкеме рахмет. Бізді жұмыстан қуып құтылмаса , вирус ала қоймас. Анау жоқ, мынау жоқ деп айта бергеннен маған да тыныштық жоқ. Бірақ мен өзіме емес, халық үшін, дәрігерлер үшін сұрап жүрмін. Дәрігердің қайтыс болғаны рас , солтүстік аймаққа тойға ма, құдалыққа ма барып, бірге барғандар ауырып келген. Қасындағылар шығып, бұл кісі қалып кетті. Оған кінәлі - ел арасында вирус барын біле тұра той жасағандар, екінші жауапкершілікті сезінбей сол тойға барған адамдардың өзі. Әр адам өмірі санаулы әрі қымбат. Теледидардан сақтаныңдар деп қатты да, жай да, жылап та айтып жүрміз. "Соғыс" біткенмен "атыс" әлі жалғасуда... ", делінген жазбада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: