Каспий маңындағы елдердің кемелері енді Қазақстанның порттары арқылы өте алады

Бұл келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық порттардың транзиттік әлеуетін арттыруға арналған.

Мемлекет басшысы "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау" туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық порттардың транзиттік әлеуетін арттыруға арналған.

Бұрын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтқандай, келісімнің басты мақсаты - ішкі су жолдары бойынша кемелердің транзиттік өтуіне рұқсат беру тәртібін жеңілдету.

Мәселен, келісімде транзиттік өтуге арналған өтінімді қарау мерзімі – 10 күн және рұқсатты уәкілетті орган РФ Көлік министрлігі болып белгіленеді. Келісімге қатысушы елдердің ішінде кемелердің транзиттік жүзуі тек Ресейдің ішкі су жолдарымен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде транзиттік өтуге рұқсатты Ресей Федерациясының Үкіметі береді және осы рұқсатты алу 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтиды.

Камалиев атап өткендей, Ресейдің ішкі су жолдары арқылы тек қазақстандық компаниялардың жеңілдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі болғандықтан қазіргі уақытта Еуразиялық одаққа мүше емес Каспий маңы елдері Әзербайджан, Иран, Түрікменстанның Каспий порттарынан Қара теңіз порттарына жүктерді тасымалдау үшін қазақстандық "Қазақтеңізкөлікфлоты", "OMS shipping" тасымалдаушыларды тартуға дайын екендігін білдіріп отыр.

Ал бұл, өз кезегінде, Ақтау және Құрық порттарының Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша қабілеттілігі артатын болады.

Келісімді қабылдаудың арқасында Ресейдің ішкі су жолдарымен транзиттік тасымал көлемін 2025 жылға қарай шамамен 250-300 мың тоннаға арттыру көздеп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: