Майк Тайсон мен Рой Джонстың төбелесін "Qazaqstan" арнасы көрсетеді

Twitter
Бокс жекпе-жегі 29 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен 07:50-де басталады.

Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында 54 жастағы Майк Тайсон мен 51 жастағы Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Боксшылардың жұдырықтасу кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 07:50-де басталады.

Жекпе-жек форматы - 2 минуттан 8 раундты құрайды.

Жеңімпаз үшін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі табысталады.

Айта кетсек бұған дейін Майк Тайсон шаршы алаңға оралатыны туралы сұхбат берген еді.

"Мен салмақтан арыла бастадым. Сосын күйеу балам маған 30-40 миллион доллар үшін жұдырықтасуға ұсыныс болып жатқанын жеткізді. Ол маған бұл адамның Боб Сап екенін айтты. Ақыры, біз онымен жұдырықтасатынымыз туралы келістік. Дайындық пен өзіңді қалпына келтіру – екі түрлі нәрсе.", - деп атап өтті Майк Тайсон.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы