ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ТЖМ
Бұл лауазымды қызметке Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы бастығы келді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полковник Бауыржан Сыздықов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сыздықов Бауыржан Мәдиұлы 1973 жылы 14 маусымда Шымкент облысында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін бітіріп, дәрігер-гигиенист-эпидемиолог мамандығын алды, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясын тәмамдады, "Командалық-штабтық жедел-тактикалық Азаматтық қорғаныс" мамандығы бойынша басқарма маманы, 2019 жылы Мәскеудің "Синергия" қаржы-өндірістік университетінің заңгерлік мамандығының магистратурасын бітірді.

2001 жылдан 2009 жылға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аға офицері.
2010-2012 жылдары - ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің Халықты және аумақты қорғау басқармасының бастығы.

2012-2014 жылдары - ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2014 жылдан бастап 2015 жылға дейін - ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2015 жылдан 2019 жылға дейін - ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2019 жылдың қараша айынан бастап ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды