Павлодарлық жедел уәкілдер есірткінің ірі арнасын жойды

Павлодар облысы ПД
Қазір Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткіге тәуелді 2080 адам есепте тұр.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сатқан күдікті анықтап, ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел уәкілдер ер адамның есірткі заттарын еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодар қаласына жеткізуді ұйымдастырғанын, онда есірткі сатқанын анықтады.

Ұсталған кезде жүк бөлімінде және автомобиль салонында сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған үш қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 139 келіден асатын "марихуана" есірткі заты болып табылады. Ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 395 келіден астам түрлі есірткі тәркілеген.

Қазіргі уақытта Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткіге тәуелді 2080 адам есепте тұр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды