Петропавл атауын өзгерту туралы петиция әкімге жолданды

әлеуметтік желіден
Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атауы өзге тілде болғаны арандатушылардың жұмысын жеңілдетіп отыр.

Петропавл қаласының атауын өзгертуді талап еткен "Намыс" жастар қозғалысының белсенділері аймақ басшысы Құмар Ақсақаловқа петиция жолдады, деп жазыпты Dalanews.kz.

Петицияны әкімге тапсыру үшін аймаққа арнайы келген жастар "біз күллі қазақтілді аудиторияның арызын арқалап келдік. Солтүстік қазақтандыру қажет" дейді.

​Бүгінде елдің ауызбірлігін бұзуға, азаматтығымызға сына қағуға бәз-біреулер күш салып жүр. Орыстың Жириновский, Никонов, Федоров, Лимонов секілді шолақ саясаткерлерінің "Қазақ халқы болмаған", "Қазақстанның солтүстік аумағы Ресейдің жері" деген арандатушылығы белең алуда.

Осы шолақ саясаткерлердің арандатушылығы Қазақ еліндегі қоғамды, орыс тілді аудиторияны негізге алып, елді екіге бөлуге тырысуда.

Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атауы шет тілінде болғаны олардың жұмысын жеңілдетіп отыр. ​Осындай арандатуышылыққа қашанғы бейжай отыра бересіздер?

​Сол себепті, жуық арада Петропавл қаласының атауын қазақиландыруды, байырғы атауы "Қызылжар" атауын беруді және ана тіліміз, қазақ тілінің үстемдігін арттыруды талап етеміз. Солтүстік Қазақстандағы ағайын ана тілі, мемлекеттік тіл, қазақ тілінде сөйлемегенше қауіп-қатерден арыла алмаймыз, делінген "Намыс" жастар қозғалысының петициясында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты