200 мың доллар жеген бұрынғы "ҚазАгро" директорына 10 жыл тағайындалды

kapital.kz
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "ҚазАгро" холдингінің бұрынғы басқарушы директоры – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма мүшесі А.А.Қамшымбаев кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепіл элеваторын сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі 200 000 АҚШ долларын ұрлауға және пара беруге итермелеуге әрекеттенген.

Осы үкіммен Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты А.И.Булатов жымқыруда сыбайлас деп танылып, оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының орынбасары Б.Н.Рахимов заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығы шектелді (бұрын тағайындалған "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын ескере отырып).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер