2022-2026 жылдарға арналған энергия үнемдеу жол картасы әзірленеді

navoprosotveta.net
"Жасыл экономикаға" көшудің негізгі бағыттарының бірі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасында еліміздің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай 25% - ға, ал 2050 жылға қарай 50% - ға төмендету міндеті қойылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 21,6% - ға төмендеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректеріне сәйкес, еліміздің ЖІӨ энергия сыйымдылығы Қытайдың көрсеткішінен 1,5 есе, ЭЫДҰ елдерінен 4 есе жоғары, ал ТМД елдерінің арасында біз 3-орындамыз.

Қазіргі заманауи энергия үнемдеу жүйесінің негізі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында құрылды.

Қазіргі уақытта энергия үнемдеу жүйесінде 2 негізгі бағыт жұмыс істейді, бұл Мемлекеттік энергетикалық тізілім және Энергия тиімділігі картасы. Бүгінде мемлекеттік энергетикалық тізілімге 20 мыңнан астам ұйым кіреді. Тізілім аясында шамамен 1 500 субъект энергоаудит жүргізіп, іс-шаралар енгізді. Энергия тиімділігі картасы аясында 149 жоба іске асырылуда, оның ішінде 45 жоба ЭСКО/МЖӘ тетігі арқылы.

Энергия үнемдеу саласына инвестициялар тарту үшін көшені жарықтандыру жағдайы бойынша деректер базасы дайындалды, энергия тиімді жабдықтарды отандық өндірушілерінің тізілімі, сондай-ақ энергия сервистік компаниялардың тізілімі қалыптастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты