Алматыда қазақстандық ковидқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мегаполистің екі медициналық ұйымы негізінде QazCovid-in инактивацияланған вакцинасының ІІІ фазалық клиникалық сынағы жүргізіліп жатыр.
Ерік танытқан 2000 алматылыққа вакцина салынады. Зерттеудің алғашқы екі күнінде алғашқы 300 ерікті вакцина қабылдады. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның І және ІІ кезеңдерін клиникалық сынақтан өткізді. Алдын ала нәтижелер отандық вакцинаның қауіпсіздігі, иммуногендігі және тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Зерттеулер сәтті аяқталып, кейіннен Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген жағдайда ерікті түрде жаппай вакцинация наурыз айында басталады деп жоспарлануда. Елімізде жасалған вакцинаға үлкен үміт артылады, өйткені вакцинация инфекцияның кең таралуына қарсы тұрудың ең тиімді әдісі болып табылады.
Сонымен қатар, Алматыда сыйымдылығы 200 мың дана Sputnik V антиковид вакцинасын сақтайтын қоймалар дайындалды. Маңызды басты шарт орындалып, қадағаланады: препаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған белгілі бір температурадағы режимді сақтау.