Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Шымкентте ұлтарақтай жер телімі үлкен дауға ұласты. Адам аяғы көп жүретін орталық көшелердің бірінде дүкен ашпақ болған саудагер қалың жұрттың қарсылығына тап болды. Онсыз да саңырауқұлақтай қаптаған сауда орындарынан құтыла алмай жатқанда, билік учаскелерді кәсіпкерлерге таратып беріп жатыр дейді. Ал, дүкен ашуға әкімдіктің рұқсатын алып қойған саудагер қалай болған күнде де, кәсібімді тоқтатпаймын деп отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Өліп бара жатсың ба, өліп бара жатсың ба? Иә. - Кедей болып қаламын деп жатсың ба?
Теріскей шағын ауданында сауда істеу кез-келген кәсіпкердің арманы. Мұнда күндіз-түні адам аяғы үзілмейді. Аттап бассаңыз дәмхана, дүкен, сауда орталықтарына кезігесіз. Бәрінде сауда қызып тұр. Сол үшін осы маңнан ұлтарақтай жер алу қиынның қиыны. Қайбір жылы қала әкімдігі жол бойындағы бірқатар дүкендерді қызыл сызықтың үстіне түсіп кетті деп алдыртып тастаған еді. Сөйтіп, орнына кіші арбат салмақшы болды. Жергілікті биліктің бұл бастамасын тұрғындар қос қолдап қуаттағантын сол кезде.
Роза Жаманбаева, Теріскей шағын ауданындағы №1 үй комитетінің төрайымы:
План бойынша озеленение. Мынандай арбат болуы керек. Скамейка. Біз арғы бетте машина сасып жатыр. Біз пенсионерміз мысалы. Мен 1985 жылдан бері тұрамын. Мен шығып демалатын жайым бар шығар.
Көпқабатты тұрғын үйдің астыңғы бөлігі кілең сауда қатарларына айналып кеткен. Енді аяқ жол мен үлкен трассаның ортасындағы кішкентай жер телімдеріне жақын арада дүкендер түсуі тиіс. Бұған жұрт табандап қарсылық танытуда. Арасында осы жерде талай жылдан бері сауда-саттықпен айналысып келген кәсіпкерлер де бар.
Бақытжан Сәрсекбаев, жеке кәсіпкер:
Былтыр отдел урбанизация бұл жерден "Арбат" ашамыз деген, көгалдандырамыз деген, абаттандырамыз деген. Енді қазір абаттандырылып жатқан жоқ, көріп тұрсыздар, шетінен бутиктер соғылып келе жатыр. Бұл ертең соңына дейін қайда барады. Басқа кәсіпкерлердің құқықтары тапталып жатыр ма сонда?
Мухаббат Алимова, зейнеткер:
Бұл жерде сауда істеуге болмайды. Бұл жер заңсыз. 5-6 жылдан өтіп кетті уже почти 10 жылдан асып кетті сауда істетпейді ешкімге.
Бірақ, осы жолы "Шымкент" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы рұқсат етіпті. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін сауда дүкендерінің құрылысын жүргізуге келісім берген. Алғашқылардың бірі болып Карима Жаппарова жұмысты бастапты.
Карима Жаппарова, жеке кәсіпкер:
Бұлар тегін 22 жыл пайдаланды. Енді мына жерден айырылып қалған соң, ол жердің бос екенін біліп Әйтенов мырза қала әкімі беріп отыр. Енді бұлардың бәрі бунтовать етіп отыр. Мына жер кофекол болады. Ол жерде барлық бургер, лаваш, шаурмасы болады.
Саудагер әзірге дүкені дайын болғанша, заттарын жайып тастап, ашық саудаға кіріскен. Сол-ақ, екен осындағы байырғы кәсіпкерлер мен тұрғындардың қарсылығына тап болды.
Жеке кәсіпкерсіз, қандай налог төлеп жүрсіз? Қане, кассовый аппарат? Мен бәрін істеп жатырмын...
Дегенмен, бұл маңайда бәрібір сауда дүкендері салынатын болды. Оны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері растап отыр. Себебі, қаладағы жалғызбасты аналарды қолдау үшін "Мен кәсіпкер боламын" атты бағдарлама қабылданыпты. Осының шеңберінде жұмыссыз нәзік жандарды еңбекпен қамтамасыз ету ойда бар дейді ақжағалылар.
Ерлан Қаттабеков, "Шымкент" ӘКК төрағасының орынбасары:
Жалғызбасты аналарға көмек жасалады. Соның ішінде 1 %-бен кредит бөлінеді. Одан бөлек, киоск қоюға мүмкіндік беріледі. 6 айдың ішінде бұлар мысалы киоскасын қою керек. Киоскасын қойып, саудасын бастау керек. 6 айдың ішінде олар арендасынан босатылады кәсіпкерлерді қолдау мақсатында. Одан кейін барып СПК-ға арендасын төлейді.
Кәсіпкерлік корпорациясы осы арқылы бірнеше әйелді жұмыспен қамтамасыз етуге болады деп отыр. Ол үшін жаңа бастаманы сатушылар мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбекші. Яғни, жайма базары емес, заңға сәйкес дүкен болуы шарт.