"Кітап оқуда шекара жоқ" пилотты жобасы Қарағанды облысының пенитенциарлық мекемелерінде бастау алды, деген мақаласын жөнелтті Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мәжілісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқитын ұлт қалыптастыру және жағдайды түпкілікті өзгерту жөнінде тапсырма берген болатын.
Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті облыстық прокуратурамен және мамандандырылған прокуратурамен бірлесіп Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының, қоғамдық бақылау комиссиясы мен Адам құқығын қорғау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның қатысуымен сотталғандарға кітап оқи отырып көтермелеу шарасына ие болу, өз кезегінде ұстау жағдайын өзгерту және мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға ықпал ететін жоба әзірлеп ұсынды.
Аталған пилотты жоба тәрбие жұмысы аясында әзірленді және сотталғандар бойында оқуға деген ынтасын артытру, оқушылық сауаттылығын қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған, ал бұл бас бостандығынана йыру орындарында заңды сыйлау тәртібіне оң ықпал етуі тиіс.
Жобаның идеясы басқа елдердің халықаралық тәжірибесімен ұштасып жатыр, мысалы Бразилияда 4 жылдан бері "Арылту оқуы" заңы қолданысқа енгізілген. Бразилиядағы сотталғандар шығармаларды оқи отырып өзінің 96 сағат мерзімін қысқартып отырады.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы XIX-XX ғасырдағы әлемдік, қазақ және орыс әдебиетінің 40 кітабы енген көркем әдебиеттер тізімін әзірлеп ұсынған болатын. Аталған жобаны іске асыру кезінде Ұлттық превентивті механизм мен Қоғамдық-бақылау комиссиясы өкілдері де өздерінің ұсыныстарын енгізген.
"Аталған жоба мынадай үлгіде жүргізілетін болады, сотталғандар ұсынылған әдебиеттерден белгілі бір көлемін оқып, комиссияда жобаны іске асыру кезінде оқыған кітаптарының мазмұнын айту және ЭССЕ (қысқаша мазмұны) арқылы жобаның шарттарын жария түрде орындайтын болады. Комиссиядан соң сотталғандарды көтермелеу туралы қорытындылар жасалады" - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Шәкіров.
Егер пилотты жоба өзінің тиімділігін көрсеткен жағдайда барлық құзырлы органдар бекіткен соң оны Республиканың барлық пенитенциарлық мекемелерінде қарау және іске асыру туралы мәселе қойылатын болады.