ШҚО-да дәрігерлерге екпе салу басталды

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысына 1300 доза вакцина жеткізілді (Өскеменде - 650, Семейде - 650). Вакцинаны бірінші болып Өскемен мен Семей қаласының емханалары алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы ерік білдірушілер арасында вакцинациялау науқаны басталды. Өскеменде алғашқылардың бірі болып ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі өкілі Қанат Тұрдиев пен "Ана мен бала орталығының" бас дәрігері Ермек Омарбеков, Семейде денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Думан Берікұлы және "Перинаталдық орталықтың" бас дәрігері Арқат Дайырбеков "Спутник V" вакцинасын салдыртты.

Пандемия біздің өмір салтымызды айтарлықтай өзгертті. Ол бәрімізді де өзгертті. Бірақ, егер, біз әдеттегі өмір салтына оралғымыз келсе, бір-бірімізге қонаққа барып, кинотеатрларға, театрларға барып, демалғымыз келсе, туыстарымызбен қалаған кезде көріссек десек, онда біз ерікті түрде екі негізгі шартты орындауымыз керек: екпе салдырту және Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің барлық бұйрықтарын орындау. Сонда біз қалыпты өмірге тез орала аламыз. Біз біргеміз! Біз бұл пандемияны бірге жеңеміз! - деп санайды Ермек Омарбеков.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысына 1300 доза вакцина жеткізілді (Өскеменде - 650, Семейде - 650). Вакцинаны бірінші болып Өскемен мен Семей қаласының емханалары алады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ақпан айының басында медициналық ұйымдарға вакциналарды тасымалдау және сақтау үшін 16 биомедициналық мұздатқыш және қайта пайдалануға болатын 60 термометриялық контейнерлер сатып алынады.

Профилактикалық вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға екпе салуға рұқсат етіледі.

Екпе салынар алдында адам алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді.


Вакцинация кезеңінде әдістемелік көмекті ұйымдастыру, бақылау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: