"Отандық вакцина салдыртамын" деп жүрген Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны салдыртып алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері ретінде маған вакцина салынуы тиіс, - деді Бекшин.
Ал "отандық вакцина салдыртамын" деген таяудағы мәлімдемесіне ол былайша түсініктеме берді:
Мен мұнда 22 ақпанда келуім керек еді. Көрдіңіздер ме, мен ол уақытты күтіп жүргім келмеді. Ал қазір отандық вакцинаны салдыртуға мүмкіндік болғанда, онда соны салдыртар едім, - Бекшин "қазақстандық емес, неге ресейлік вакцинаны салдырттыңыз" деген сұраққа берген жауабында.
Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та екпе жасатты.
Осындай қиын кезеңде жұмыс істеген дәрігерлерге алғыс айтамын, - деді ол.
2020 жылдың жазында Бекшин коронавирус инфекциясының жеңіл түріне шалдыққан болатын.