Мишустин Алматы форумынан байқаған өзгешелік туралы айтты

видеодан алынды
Ол Ресей пандемия кезінде жаңаша өзектілік танытқан цифрлық шешімдерді қарқынды дамытуға дайын болғанын айтты.

Алматыда ЕАЭО елдерінің, сондай-ақ Өзбекстанның Үкімет басшылары қатысқан "Digital Almaty" халықаралық форумы өтіп жатыр. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин бүігнгі форумның алдыңғыларынан ерекше бір айырмашылығы барын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Интеграция мәселелері осыдан бір жыл бұрын осы форумда талқыланған болатын, бірақ ол кезде пандемия басталып кетеді деп ешкім ойлаған жоқ. Ол кезде әлемнің қаншалықты тез өзгеретінін ешкім болжай алмады. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шекараларды, кәсіпорындарды, әлеуметтік институттарды жабу, өзін-өзі оқшаулау режимін енгізу және адамдардың қарым-қатынасын шектеу туралы күрделі шешімдер қабылдауы керек болды. Біз инфекцияның таралуына жол бермеу, азаматтарымыздың өмірін қорғау үшін бәрін жасадық, - деді Ресей премьер-министрі.

Ол Ресей пандемия кезінде жаңаша өзектілік танытқан цифрлық шешімдерді қарқынды дамытуға дайын болғанын айтты.

Өзін-өзі оқшаулау жағдайында дәл осы сандық шешімдер қоғамның байланыстырушы буынына айналды. Бұл мемлекет үшін өзгеше сынақ болды, бірақ біз оған дайын болдық. - деді ресейлік саясаткер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады