Атырау облысында Мамандандырылған күзет қызметі бөлімінің бастығы ақша ұрлады және мемлекеттен бөлінген бензинді сатты деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz.
Брифингте БАҚ өкілдері ақша жымқырды деген күдікке ілінген Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығына қатысты ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады. Ол жұмыс істемейтін өтірік полиция қызметкеріне ақша аударып, мемлекеттік бензинді сатумен айналысқан деген ақпарат бар.
Біз бұл ақпаратты растаймыз. Басшылардың біріне қатысты соттың мақұлдауымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа ақпарат заңға сәйкес, жария етуге жатпайды, - деді Биғайдаров.