Мультимиллионер Билл Гейтс пандемиядан кейін әлем екі өзге қатерге тап болатынын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол Veritasium 4 YouTube арнасына берген сұхбатында ендігі қауіп-қатер климаттың өзгеруі және биотерроризм сипатында болуы ықтимал деп мәлімдеді.
Жыл сайын климаттың өзгеруіне байланысты өлім-жітім деңгейі COVID-19 пандемиясынан әлдеқайда жоғары болады, - деді ол.
"Известия" газеті атап өткендей, ол биотерроризм туралы да айтты.
Зиян келтіргісі келетін адам вирус жасай алады, демек, оның туындау ықтималдығы табиғи эпидемиямен салыстырғанда жоғары, деп түсіндірді Гейтс.
Қаңтар айының соңында кәсіпкер келесі пандемия SARS-CoV-2 вирусының әкелген зардабынан 10 есе ауыр болуы мүмкін екенін айтты.
Әлем триллиондарды үнемдеу үшін (және миллиондаған кісі өлімінің алдын алу үшін) миллиардтаған қаражат жұмсауы керек. Мен мұны әлем сатып алуы тиіс ең жақсы және үнемді сақтандыру полисі деп санаймын. Жаңа пандемияның болатындығы сөзсіз, егер адамзаттың жолы болса, ол 20 жылдан кейін басталады, дегенмен оның үш жылдан соң да төбе көрсетуін ешкім жоққа шығара алмайды, - деді Гейтс.