Қазақстандық Kolesa.kz порталында алматылық азамат "Москвич-412" автокөлігін сатам депті, деп хабарлайды zakon.kz.
Хабарландыру иесі 1979 жылы шыққан көлік үшін ұялмай-ақ 4,2 млн теңге сұрайды.
Суреттеріне қарағанда, көліктің жағдайы жаман емес. Бірақ қырық жылдан асқан көліктің осы күнге дейін қанша шақырым жүріп тастағанын айтпапты.
Бұл "Москвич-412" деген мәшинеге 1,5 литрлік УЗАМ-412 карбюраторлы қозғалтқыш қойылған. Жаңа кезінде ол 75 аттың күшін өндіретін. Механикасы небәрі 4 сатылы.
"Москвич-412" алғаш рет 1967 жылы шыққан еді. Зауыттағы өндірісі 1997-ші жылы тоқтатылған. Бірақ ең соңғы бірнеше экземпляры конвейерден 2001-ші жылы шығыпты.