Қазақстанда линолеум, тұсқағаз, санфаянс өндірілмейді

strategy2050.kz strategy2050.kz
Құрылыс саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізілді.

Тұрғын үй құрылысында осы жылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4%, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар айында 107% болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады.

Республика бойынша барлығы 6810 баспана пайдалануға берілді.

"Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Маңғыстау облысынан басқа, 16 өңірде артты. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тиіспіз. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді", — деді министр Атамқұлов 16 ақпанда өткен үкімет жиынында.

Сондай-ақ саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізілді.

"Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтей алады. 11 позиция бойынша еліміздің кәсіпорындары шамамен 50% қамтамасыз етеді. Ал линолеум, тұсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша ішкі нарықта әзірге өндіріс жоқ", — деп түйіндеді сөзін ҚР ИИДМ басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті